Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІНІҢ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ДЕПАРТАМЕНТІ
БҰЙРЫҚ № 432
02.05.2025 ж. Тараз қаласы
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
жүргізілген қайта мемлекеттік аттестаттау
қорытындысы туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының
59-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 03 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары» талаптарына сәйкес келгендіктен аттестатталсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы А. Жумалбековке жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіздеме:
Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің
2025 жылғы 26 наурыздағы №276 бұйрығымен бекітілген
мемлекеттік аттестаттау комиссиясының
2025 жылғы 27 наурыздағы қорытындысы.
Басшысының м.а. ____________________ К.Колбаев
М.О.
(мөр орны)


