Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
МЕНЮ
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде Математика, Информатика айлығы барысында Математика пәнінің мұғалімі Дуанбай Нургуль Нургазыкызы 5-6 сынып оқушыларымен "XXI ғасыр көшбасшысы" интеллектуалды ойын өткізді. Ойын мақсаты оқушылардың логикалық , сыни ойлау қабілеттерін дамыту. Ойын барысы 3 кезеңнен тұрды. Оқушылар белсенді қатысты. 3 орын Нуридин Інжу, 2 орын Жексенбек Ержігіт , XXI ғасыр көшбасшысы атағын 6 сынып оқушысы Шаршенқұл Бекасыл иеленді .
Шу ауданы білім бөлімінің Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде Тәуелсіздік күніне орай мектеп ұжымының демеушілігімен фойеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерге арналған арнайы стенд орнатылды.Мектеп директоры А. Е. Тогузаков мектеп ұжымы мен оқушыларды мерекемен құттықтап, алғысын білдірді.
Рәміздер - елдігіміздің, бірлігіміз бен тәуелсіздігіміздің қасиетті нышаны.
Шу ауданы білім бөлімінің Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 11 желтоқсан күні «Бала қауіпсіздігі - бәрімізге ортақ жауапкершілік» тақырыбында жалпы ата - аналар жиналысы өтті. Жиналысқа ата - аналар, қамқоршылық кеңесінің мүшелері және ұстаздар қатысты.
Күн тәртібінде:
1.Жарты жылдық қорытынды есебі.
2.«Тәртіп пен тәрбие - ортақ жауапкершілік»
3.«Кибербуллинг пен әлеуметтік желідегі қауіп қатер»
5.Әртүрлі мәселелер.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ






