Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде "Тарих және құқық негіздері" айлық жоспарына сәйкес 9-10 сыныптар арасында "Өз құқығыңды біл - өзіңді қорға" тақырыбында тарих пәні мұғалімі Г.А.Уәлиеваның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты: құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру туралы түсінік бере отырып, өз пікірін ашық айтуға әділдікке және жауапкершілікке тәрбиелеу. Оқушылар өз құқықтары мен міндеттері жайында пікір алмасып, ойларын ортаға салды.


